Республика күніне орай автошеру өтті
Астанадағы автосүйер қауым Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады. Әуесқой жүргізушілер бас қосып, шаһардың ірі көшелерімен жүріп өтті. Қашықтық бастан-аяқ 30 шақырымды құрайды. Шараға көк тумен безендірілген 40-тан астам темір тұлпар тізгіндегендер қатысты. Ұйымдастырушылардың сөзінше мұндай науқанның маңызы зор. Бұл мемлекеттік рәміздерді, соның ішінде еркіндіктің символы көк байрақты дәріптеуге ықпал етеді. Әрі мереке қарсаңында тұрғындардың көңіл күйін көтеруге септеседі.
Айта кетейік, автошеру басқа қалаларда да жалғасады.
Ақұлан Тастемір, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі жастар істері комитетінің басқарма басшысы:
– Мемлекеттік рәміздерімізді жалпы қала тұрғындары арасында, халық арасында кеңінен насихаттағымыз келеді. Бұл бастаманы қолға алып отырған ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің жастар және отбасы комитеті. Бұл шара жылда әдетке айналған. Жылда трендке айналған шара.

