Бурабайда заманауи мультимедиалық интерактивті кешен ашылды
Бурабайдағы Абылай хан алаңында елімізде теңдесі жоқ мультимедиалық интерактивті кешен ашылды. Бұл жоба Мемлекет басшысының Туризмді дамыту жөніндегі кеңесте берген тапсырмаларын орындау аясында іске асып отыр. Тәулігіне бес жүзден астам көрермен қабылдайтын бірегей нысан демеушілердің қаржысына жөнделіп, қайта жаңғыртылды. Кешеннің ашылуына Мәдениет және Ақпарат министрі Аида Балаева бастаған мәртебелі меймандар қатысты.
«Бурабай» ұлттық
паркінің қақ ортасындағы мультимедиалық кешенде соңғы үлгідегі анимациялық және
аудиовизуалды технологиялар әрбір келушіге еліміздің тарихымен танысуға және
қазақ мәдениетінің атмосферасын сезінуге мүмкіндік береді. Мультимедиалық кешен
туризмді дамыту туралы Президент тапсырмасы аясында қайтадан жаңғыртылды.

