Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдық мерейтойы

Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдық мерейтойы

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды жазушы Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдық мерейтойымен құттықтады. Алматы облысы Райымбек ауданының Нарынқол ауылында қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, классик жазушы Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдық мерейтойына арналған ескерткіштің салтанатты ашылу рәсіміне қатысқан Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Президент құттықтауын оқып берді. Құттықтауда Бердібек Соқпақбаев қазақ балалар әдебиетінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан қарымды қаламгер екені айтылған. Оның «Балалық шаққа саяхат», «Менің атым Қожа», «Өлгендер қайтып келмейді», «Жекпе-жек» сынды теңдессіз туындылар жазып, ешқашан ескірмейтін ғажайып мұра қалдырғаны да назарға алынған. Бүгінде жазушының шығармалары әлемнің 70-ке жуық тіліне аударылған. Ал оның 100 жылдығы ЮНЕСКО-ның атаулы күндер тізіміне енгізілуі – сөз зергеріне деген құрметтің белгісі. Сондықтан, жас буынның бойында дұрыс құндылықтар жүйесін қалыптастыру ісінде әдебиеттің, өнердің және креативті индустрияның рөлі жоғары, - дейді Сенат спикері.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

– Президентіміз осы шаранаың маңызына баса мән беріп, баршаңызға ыстық ықыласы мен жылы лебізін жолдады. Ұлтымызға рухани бағдар болатын осындай тұғырлы тұлғалардың есімін ұлықтау – еңселі елдік пен салиқалы сабақтастықтың жарқын көрінісі.