15-ші сәуір – Халықаралық мәдениет күні

15-ші сәуір – Халықаралық мәдениет күні

Бүгін - Халықаралық мәдениет күні. 1998 жылдан бастап әлемнің көптеген елдерінде аталып өтетін бұл дата Мәдениетті қорғау халықаралық лигасының ұсынысымен бекітілген. Мақсат — адамзаттың ортақ мәдени мұрасын сақтау, рухани құндылықтарды дәріптеу. Бұл күн өнер, білім, салт-дәстүр, тарих пен руханият салаларында еңбек етіп жүрген жандарға құрмет көрсетуге арналған. Осыған орай әлем бойынша көптеген мәдени іс-шаралар мен шығармашылық кездесулер ұйымдастырылып жатыр.