Еңбек адамдарының еңбегі еленді
Елордада тау-кен
саласында тер төгіп жүрген азаматтардың еңбегі еленді. «Қазақмыс» корпорациясы
үздік жұмысшыларын марапаттады. Еліміздің түкпір-түкпіріндегі кен орындарында
қазынамызды ел игілігіне жаратып жүрген 50-ден астам қызметкер түрлі
аталымдарға ие болды.
Еңбегі
еленгендердің бірі Серік Дүйсембаев. 22 жыл бұрын қарапайым электрик болып
жұмысқа кірген ол бүгінде аға энергетик. Қазір үлкен ұжым мен тұтас өндіріске
жарық беріп отыр. Осыған орай «Үздік инженерлік-техникалық қызметкер» атанды.
Серік
Дүйсембаев, Аға энергетик:
- 20 жылдың
ішінде компания дамып келе жатыр. Компания жаңа технологиялар орнатып, оқыту,
мамандарды дайындауға компания жылдан жылға жақсы көңіл бөліп келе жатыр. Стажировка,
оқу, повышение квалификации дейді, соның бәрі жүріп тұрады. Жұмыскерлердің де
балаларына да компанияға жұмысқ тұруға үлес қосады.
Ал Алмас
Сыздықбек корпорацияда отыз жылға жуық еңбек етіп келеді. Еңбек жолын қарапайым
балқытушы болып бастаған. Бүгінде тұтас цехтың тізгінін ұстап отыр.
Алмас Сыздықбек,
Цех басшысы:
- Мен өзім
плавильщик болып бастағам, кейін шебер болдым, басшының да қол астында жұмыс
істедім. Компанияның бізге үлесі көп. Бұл 30 жыл ішінде жалақымыз да жақсы
көтерілді.
Шахтада еңбек
етіп жүрген Бақыт Байпақов өз ісінің нағыз маманы. Металлургер мен шахтерлер
әулетінен шыққан. Жүздеген метр тереңдікте кен қазып жүргеніне 30 жылдан асқан.
Жер астындағы ең қауіпті жұмысты атқарады. Өткел қазып, кеншілерге жол
дайындайды.
Бақыт Байпақов,
Өткел жүргізуші:
- Әкем металлург
заслуженный, үйдегілерім металлург,шахетрлер мен және інім. Менің жұмысым ең
қауіпті деп саналады шахтада. Вертикальный проходкада істеймін. Қиын болса да,
адам жұмысын білсе, ешқандай қиындық болмайды.
Өңірлердегі
кәсіпорындар да елеусіз қалмады. 10-ға жуық мекеме үздік деп танылып, қаржылай
сыйлыққа ие болды. «Қазақмыс» қызметкерлердің денсаулығы мен қауіпсіздігіне ерекше мән береді.
Қазірдің өзінде 140 мыңнан астам медициналық сақтандырумен қамтылған, кейбір
отбасыларға тұрғын үй де беріліп отыр. Жұмысшыларға заманауи жатаханалар мен
демалыс аймақтары да салынған. Одан бөлек, компания өндірісті жаңғыртуға, жаңа
технологиялар мен автоматтандыруға жүйелі түрде қаржы құйып келеді.

