«Astana Musical» Оңтүстік Кореяда өткен халықаралық фестивальде үздік атанды

«Astana Musical» театры әртістері көпшілік назарына КСРО және Қазақстанның Халық әртісі, Қазақстанның Халық қаһарманы, күміс көмей әнші Роза Тәжібайқызының өмірі мен шығармашылығына арналған қойлымды ұсынды. Сонымен қатар мюзиклде басты кейіпкерді сомдаған актриса Зарина Макина Англия, Германия және Франциядағы әріптестерінен оза шығып, «Үздік әйел рөлі» номинациясын қанжығасына байлады. Театрдың көркемдік жетекшісі қазақ сахнасы аңызының дауысын естіген көрермен қойылымды тамашалағанда ұқсастық барын көрсе екен деген мақсаттары орындалғанын айтты.

Еслям Серікұлы Нұртазин, «Astana Musical» мемлекеттік театрының көркемдік жетекшісі, режиссер:

- Оның «Ах, Самара, городок-ты» айтуы барысындағы сол Роза Тәжібайқызы апамыздың дауысын барынша келтіруге тырысқаны – үлкен еңбектің арқасы. Ол тек Заринаның ғана емес, оның да үлкен еңбегі және біздің вокалдан сабақ беретін өзіміздің коучтарымыздың, жалпы түгелдей үлкен коллективтің еңбегінің арқасында шыққан нәрсе.

Айта кетейік, жыл сайын әлемнің түкпір-түкпірінен театрлар мен шығармашылық ұжымдарды Оңтүстік Кореяның Тэгу қаласында жинайтын беделді халықаралық мюзикл фестиваліне қазақстандық ұжым алғаш рет қатысты.