«Таза Қазақстан. Елорда - тазалық пен тәртіптің үлгісі» акциясы басталды

Мәдениет қызметкерлері мен мектеп оқушылары Астанадағы ескерткіштерді абаттандыруды қолға алды. «Таза Қазақстан. Елорда - тазалық пен тәртіптің үлгісі» атты акция Мемлекет басшысының тапсырмасына сай басталған еді. Науқан соңына дейін шаһардағы барлық 117 мүсін мен бюст қалыпқа келтірілмек.