68 мыңнан астам SMART камера қойылды
Атыраудағы жол-көлік қауіпсіздігі енді жасанды интеллект арқылы қадағаланады. Қазір қала ішінде 68 мыңнан астам "ақылды" камера қойылған. Инспекторлардың айтуынша, камералардың қауқары өте зор. Кез келген жағдайда қоғамдық ортадағы адамның бет-әлпетін толық анықтап, көлік нөмірін автоматты түрде базаға енгізіп, мүлік иесін анықтап бере алады. Бұдан бөлек, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қосымша дрондар да полицейлердің жұмысына қосылып жатыр. Жыл басынан бері смарт камералар арқылы 200-ден астам қылмыс анықталған.

