Парламент трансферттік баға белгілеу мәселелері бойынша заңды қабылдады

Парламент трансферттік баға белгілеу мәселелері бойынша заңды қабылдады

Халықаралық іскерлік операцияларға байланысты мәмілелердегі мемлекеттік кірісті жоғалтуды алдын алу. Ел Парламенті осыған бағытталған трансферттік баға белгілеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңын екі оқылымда қарап, мақұлдады. Сондай-ақ депутаттармен құпталған құжат тараптардың өзара байланысын кеңейту арқылы салық төлеушінің де, тексерушілердің де әкімшілік шығындарды азайтуды көздейді. Бұл норма елден капитал шығару тәуекелдерін азайтуға сеп болмақ. Осының қамында  заңға бухгалтерлік есептің жаңа талаптары енгізілген. Жергілікті есеп берудің жауапкершілігі енді салық төлеушілердің өздеріне жүктеледі. Сенаторлардың айтуынша, бұл өз кезегінде сауданың ашықтығын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, жаңа заңнамалық ережелер тауар биржаларында жасалған мәмілелердің трансферттік баға белгілеуін бақылауды ұсынады. Бұл шара ең алдымен олардың нарықтық құннан төмен бағада жүзеге асуына тосқауыл қояды. Яғни, қаражаттың елден тысқары кетуіне кедергі болады.

Амангелді Нұғманов, ҚР Парламенті Сенатының Депутаты:

-Осы жағдайлардың туындауын болдырмау үшін мәмілеге қатысушылардың өзара байланыстылығын анықтауды кеңейту ұсынылады. Бұл шара капиталды шығару бойынша бақылауды күшейтуге, мәмілелер мониторингін және қадағаланатын ақпаратты жақсартуға ықпал етеді.