Төртінші радио-фармацевтикалық препараттың өндірісі басталды

Төртінші радио-фармацевтикалық препараттың өндірісі басталды

Қазақстанда кезекті радио-фармацевтикалық препараттың өндірісі басталды. 18F-DOPA өте қатерлі ауру – нейроэндокринді онкологиялық патологияны дер кезінде анықтау үшін аса қажет. Бұл дәрі Қазақстанда тұңғыш рет шығарылып жатыр. Бастама Ядролық медицина орталығы Қазақстан Президенті іс басқармасының медициналық орталығының ауруханасының қатысуымен мүмкін болды. Айта кетсек, радио-фармацевтикалық препараттардың 4 түрін шығару жүзеге асырылуда. Олар: фтордезоксиглюкоза, натрий фториді, метионин көмірқышқылы және дегидроксифенилаланин. Қазір барлығы томография мен компьютерлік томография өткізу үшін 6 дәрі қолданылуда. Олардың көмегімен диагностиканың 20 түрі жасалады.