Әуежайларға биометриялық сәйкестендіру жүйесі орнатылады
Енді әуе рейсіңіздің уақыты шегерілсе өтемақы аласыз. Көлік министрлігі авиа тасымалдау саласына ерікті сақтандыру жүйесін енгізбек. Ал, әуежайларға биометриялық сәйкестендіру орнатылады. Сол арқылы рейске тіркелу мен жеке деректеріңізді Е-Гов қосымшасы арқылы басқаруға болады. Яғни, жолаушыларды тіркеу процессіне керек операциялар бір ғана әрекетпен шешілмек. Әзірге мұндай мүмкіндік тек Астана мен Алматы әуежайларында қолжетімді.

