21 жастағы жігіт төрт туысын пышақтап тастады
21 жастағы жігіт төрт бірдей туысын пышақтап тастады.
Оқиға Астанада Ғабиден Мұстафин көшесінің бойындағы көпқабатты үйлердің бірінде
болған. Қылмысқа «Free Fire» мобильдік ойыны себеп болған. Таңғы төртке дейін «атыс-шабысқа»
елтіп, есі кеткен жігіттен туыстары телефонын тартып алған. Ашуға булыққан ол
олардың ұйықтағанын күтіп, кейін төртеуін бірдей бауыздап тастаған. Қаніпезердің
қолынан оның 27 жастағы ағасы қаза тапты. Қалғаны ауыр жағдайда ауруханада жатыр. Қазіргі таңда күдікті
уақытша ұстау изоляторына қамалып, кісі өлтіру бабымен қылмыстық іс қозғалды.

