Qostanai Tech отбасылық фестивалі өтті
Қостанайда «Qostanai Tech» отбасылық ғылыми-инновациялық фестивалі өтті. 10 мыңнан астам адам инновациялық қалашықты аралап, түрлі жобалармен танысты. Жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын шара аясында ірі өндіріс орындары мен елдегі IT-компаниялардың өкілдері баяндама жасады. Инновациялар мерекесіне адамдармен қатар роботтар да қатысты.

