Президент Түркияның ең жоғары мемлекеттік орденімен марапатталды

Президент Түркияның ең жоғары мемлекеттік орденімен марапатталды

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Республикасының ең жоғары мемлекеттік наградасы – «Devlet Nişanı» орденімен марапатталды. Бұл марапат мемлекеттер арасындағы саяси, әлуметтік, экономикалық, мәдени қарым-қатынастарды нығайтқан шетелдік мемлекет қайраткерлері мен дипломаттарға беріледі. Президент мұндай құрмет – тамыры бір, діні мен ділі ортақ халықтарымыз арасындағы мызғымас достықтың айқын белгісі деп атап өтті.