Қазақстан 2029 жылға дейін баламалы қуат көздері саласына 18 трлн теңге инвестиция тартуды жоспарлап отыр

Қазақстан 2029 жылға дейін баламалы қуат көздері саласына 18 трлн теңге инвестиция тартуды жоспарлап отыр

Қазақстан 2029 жылға дейін баламалы қуат көздері саласын дамыту үшін 18 трлн теңгеден астам тікелей инвестиция тартуды жоспарлап отыр. Энергетика министрлігінң мәліметінше, биылдың өзінде жасыл энергия көздерін өндіретін 10 нысан жұмысын бастайды. Атап айтсақ, Ақмола мен Ақтөбе облыстарында жел электр станциялары пайдалануға берілсе, Алматы, Түркістан және Жетісу облыстарында су электр, Жамбыл облысында күннен қуат алатын станциялары іске қосылады. Сонымен қатар Ақмола және Ақтөбе өңірлерінде жел электр энергиясы станцияларының құрылысы жоспарланып отыр. Ал, 2025 жылға қарай Түркістан мен Қызылорда өңірлерінде бу мен газды қолданатын қондырғылар салынады.