Президент Алматы облысына жұмыс сапарымен барды
Алатау Smart city-ді
саламыз деп Алматы облысы назарсыз қалмау керек. Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы
облысына жұмыс сапарымен барды. Жаңадан салынып жатқан Алатау Smart city-дің
құрылысымен танысты. Жаңа шаһар Үлкен Алматы айналма автокөлік жолының бойында
орналасқандықтан келешекте Алматы агломерациясының ауқымын кеңейте түспек. «Almaty
SkyHub» заманауи мультимодальді логистика орталығы өңірдегі маңызды жобалардың
бірі болады деп күтілуе. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы аймақтағы өндіріс
ошақтарын аралап, ел дамуына үлес қосқан азаматтарды марапаттады. ¤

