Ескірген 1429 тұрғын үй бұзылады
Алдағы үш жылда әбден ескірген және авариялық деп танылған 1 жарым мыңдай көппәтерлі тұрғын үй бұзылады. Орнына жаңа баспана салынады. Онда 108 мың адам қоныстанады. Бұл туралы Сенат отырысында айтылды. Қазір елде 59 мың тұрғын үй бар. Оның 1103-і апатты жағдайда, ал 2663-і ескірген. Жаңа құрылыс кодексінде осы баспаналардың орнына жаңа ғимарат салу көзделген. Жоба реновация бағдарламасы аясында жүзеге асады. Айта кетейік, Сенат Құрылыс кодексінің және ілеспе құжаттың жекелеген баптарына 27 түзету енгізді. Тиісті құжатты Мәжіліске қайтарды.
Бибігүл
Аққожина, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
- Бүгінгі таңда
реновация бойынша толыққанды заңнамалық база жоқ екенін атап өту маңызды.
Тұрғын үй коммуналдық инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасына бекітілген
ережелерді қоспағанда, өңірлерде жаңарту туралы іс шараларды іске асыру
жергілікті бюджеттің шектеулі мүмкіндіктері мен кешенді жоспарлау үшін бастапқы
деректердің жеткілікті болмауымен шектеледі.

