Қазақстанда биылдан бастап қатерлі ісікке қарсы дәрі-дәрмек шығарыла бастайды

Қазақстанда биылдан бастап қатерлі ісікке қарсы дәрі-дәрмек шығарыла бастайды

Қазақстанда биылдан бастап қатерлі ісікке қарсы дәрі-дәрмек шығарыла бастайды. Roche компаниясы онкологиялық аурулармен күресуге бағытталған препараттардың өндірісін 2024-ші жылдың екінші жартысында іске қосуды жоспарлап отыр. Олар Алматыдағы Нобель фармацевтикалық фабрикасында жасалатын болады. Еліміздің Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, сонымен қатар Pfizer Қазақстанда пневмококкты індетке қарсы «Превенар-20» екпесін әзірлеуге ниетті. Жобаның жүзеге асыру кезеңі арнайы инвестициялық келісімде белгіленеді. Сондай-ақ осы бағытта BIGPHARMA фармацевтикалық компаниясымен қатар, АҚШ, Швейцария, Оңтүстік Корея, Түркия, Германия және Жапон елдерінің инвесторларымен бірқатар бастама түрлі кезеңдерде пысықталуда. Оларды елімізде жүзеге асыру инновациялық дәрі-дәрмектер және заманауи медициналық қондырғылардың шарапатын татуға мүмкіндік беремек.