Жазғы лагерьлер жұмысын аяқтайды
Оқушылардың жазғы демалысы аяқталуға жақын. Қазір сауықтыру орталықтарында,
лагерьлерде балалардың соңғы легі демалып жатыр. Ал, мектептер, осы орайда оқушыларды
қабылдауға қаншалықты дайын?
Бурабайдағы
«Звездный континент» балалар сауықтыру орталығында 7-ші ауысым. Әрқайсысында
300-ден астам оқушы болды. Олардың арасынан 205 бала тегін демалған.
Бағдарламаға да ерекше көңіл бөлінген. Әр ауысым бір тарихи тұлғаға арналған.

