2023 жылы Қазақтанда 148 мың автокөлік шығарылды

2023 жылы Қазақтанда 148 мың автокөлік шығарылды

Қазақстанда 2025 жылы Kіа автомобиль зауыты іске қосылады. Ел Премьер -Министрі Қостанай облысына жұмыс сапарының аясында өндірістің құрылыс басында болды. Зауыт қуаты жылына 70 000 дейін көлік шығаруға қауқарлы болмақ. Сондай-ақ Әлихан Смайылов бұл өңірдегі Allur зауытының өндірістік жоспарымен танысты. Үкімет басшысы ауыл шаруашылығы техникаларын құрастыратын  «АгромашХолдинг KZ» локализация орталығында болды. Ел бойынша былтыр жиналған 6 жарым мыңға жуық комбайн мен трактордың 1200 астамы осы зауыттан шыққан. Жалпы өткен жылы отандық автоөндіріс нарыққа 148 мың темір тұлпар шығарған.