Қазақстандық мұнай экспортының әлеуеті

Қазақстандық мұнай экспортының әлеуеті

Биыл 1,5 млн тонна қазақстандық мұнайды Баку-Тбилиси-Джейхан бағытында тасымалдау жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді. Энергетика министрлігінің дерегінше былтыр оның көлемі жарты млн тоннаға аз болған. Дегенмен бұл еліміздегі Ақтау порты арқылы Махачкала және Баку бағытындағы қара алтын экспортын 2022 жылға қарағанда 52%  ұлғайтуға мүмкіндік берді. Бұған қоса, үстіміздегі жыл соңына дейін «Достық» магистральді құбыры арқылы 1,2 млн тонна отандық шикізатты Германияға жеткізу жөнінде келісім жасалған. Бұл көлемнің артуы да ықтимал.

Алмасадам Сәтқалиев, ҚР Энергетика министрі:

-Бүгінгі уақытта тиісті германиялық компаниялардан бұл көлемді 2 млн тоннаға дейін ұлғайтуға қатысты ұсыныс түсті. Біз қазіргі таңда біздің әріптестерімізбен осы транзитті қамтамасыз етуге қатысты алдын-ала келіссөздер жүргізіп жатырмыз.

Жалпы былтыр Қазақстанда 90  млн. тонна мұнай өндірілді. Бұл 2022 жылдың көрсеткішінен 7% жуық өсім көрсеткен. Осылайша, отандық қара алтынның 70 жарым млн тоннасын шет мемлекеттерге экспорттау мүмкін болды. Бұл көрсеткіште 2022 жылы сырт елдерге тасымалданған мұнай көлемнен 6 млн тоннадан астамға көп,- дейді сала мамандары.