Қой шаруашылығы құлдырап барады
Қой шаруашылығы құлдырап барады, 30 жылдың ішінде мал басы екі есе азайып кеткен. Осылай деп дабыл қаққан Сұлтан Дүйсембинов депутаттық сауал жолдады. Оның сөзінше, қой саны 1990 жылдары 37 миллион болса, қазір 18 миллионға дейін азайған. Көршілес мемлекеттерде бұл көрсеткіш керісінше, қарқынды өсіп жатқан көрінеді. Ал субсидиялау мәселесінде қой шаруашылығы ірі қара, құс және шошқа шаруашылығынан кейінгі 4 орынға ысырылып қалған.

