Медицинадағы ақпараттық жүйелер біріктіріледі

Медицинадағы ақпараттық жүйелер біріктіріледі

Медицинадағы ақпараттық жүйелердің ақауына жауаптылар анықталып жатыр. Үкімет басшысы Олжас Бектенов кінәлілер жауапқа тартылады деді. Айта кетейік МӘМС жүйесі Қаржы министрлігінің қарамағына өтетін болды. Өйткені қордағы қыруар қаржы талан-таражға түскен. Жеке клиникалар жалған пациенттерді тіркеген. Оның ішінде қайтыс болғандар да бар. Балаларға күніне мыңнан астам дәрі-дәрмектерді жазып берген. Бір маман бір айда 4800 адамды қабылдаған. Шын мәнінде 6 сағаттық жұмыс күнінде мұнша пациентке ем-дом жасауы мүмкін емес. Өйткені әр науқасқа кем дегенде 15 минут бөлуі тиіс. Жеке клиникаларға жасалған ІТ аудит осыны көрсетті. 

Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі:

- Бұрын жүргізілген ақпараттық медициналық жүйелерді талдау нәтижелері бойынша тиісті тексерулер басталып кетті, кінәлі тұлғалар жауапқа тартылады. Қаражатты пайдаланудың ашықтығы мен тиімділігін қамтамасыз ету үшін биылғы 1 шілдеге дейін МСӘҚ ақпараттық жүйесін Денсаулық сақтау министрлігі жүйесіне енгізу тапсырылды.