Мұнай бағасы бір аптада 10% қымбаттады

Мұнай бағасы бір аптада 10% қымбаттады

Мұнай бағасы бір аптада 10 пайызға қымбаттады. Қазір қара алтынның Brent маркасы 79 доллардан саудаланып жатыр. Ал WTI 74,33, Ресейдің Urals маркалы мұнайы шамамен 55 доллардан сатылуда. Нарықтың құбылуына Таяу Шығыстағы геосаяси шиеленістің ушығуы себеп. Еске салайық, 8 шілдеде АҚШ Иран мұнайын сатуға қатысты санкцияларды қайта енгізді. Бұған Ормуз бұғазы маңында мұнай және сұйытылған табиғи газ тасымалдайтын танкерлерге жасалған шабуылдар әсер еткен. Кейін Ақ үй Иран аумағындағы нысандарға ауқымды соққылар басталғанын мәлімдеді.