«Дикий Арман» 20 жылға сотталды

«Дикий Арман» 20 жылға сотталды

«Дикий Арман» 20 жылға сотталды. Бүгін Алматыда Қаңтар оқиғасына қатысты атышулы істердің біріне нүкте қойылды. Айыпталған 45 адамға әртүрлі үкім кесілді. Біразы орташа режимдегі колонияға жіберіледі. Ал негізгі айыпталушылар: Арман Жұмагелдиев – 20 жылға, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бесінші департаментінің бұрынғы басшысы Руслан Ысқақов 15 жарым жылға,  Қаржы полициясының бұрынғы агенті Талғат Махатов – 15 жылға, бұрынғы депутат әрі кәсіпкер Қайрат Құдайберген 8 жылға, журналист Бердах Бердімұратов – 7 жылға  түрмеге тоғытылды. Оларға қаңтардағы тәртіпсіздіктерді ұйымдастырды, «Билікті немесе лауазымдық өкілеттікті асыра пайдаланды», «Ұйымдасқан қылмыстық топ құру, оған басшылық ету және оған қатысу» баптары бойынша айып тағылды.