Мектеп оқушылары арасында «Менің бауырым» волонтерлік жобасы іске асырылып жатыр

Елімізде былтырдан бері Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен  «Менің бауырым» атты студенттік еріктілер жобасы жүзеге аса бастады. Мақсаты - балалардың құқықтарын қорғау мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Бүгін жоба Қызылорда облысында басталды. Енді өңірдегі жоғарғы оқу орындарының студенттері мектеп оқушыларымен етене араласып, жан-жақты қолдау көрсететін болады.