AI дәуіріндегі жаңа тренд
Еңбек нарығында жаңа талаптар пайда болды. Соның бірі – VIBE CODING. Яғни, AI дәуіріндегі трендке сәйкес, енді жұмыс берушілер кадр таңдауда оның цифрлық тұрғыдан әмбебап болуын қалайды. Басқаша айтқанда, жаңа қызметкер компанияға «үйренемін» деп емес, «үйретемін» деп келуі тиіс. Сондай-ақ жасанды интеллектке дұрыс тапсырма беріп, сол арқылы бағдарлама жасай алуы қажет.

