Реформалар мен сенім кезеңі
Конституцияда білім мен ғылым, инновацияға ерекше екпін салынған. Бұл салаға Алматы облысында биыл 409 миллиард теңгеден астам қаражат қаралды. Өңірде соңғы үш жылда 69 мектеп салынса, алда тағы 11 білім ошағы бой көтереді. Бүгін Қонаев қаласында «Ата Заң - Қуатты Қазақстан!» атпен аймақтық конференция өтті. Алқалы жиында зиялы қауым өкілдері, қоғам белсенділері мен жастармен күшіне енген жаңа Конституцияның маңызын талқылады.

