Атқарушылық іс жүргізу үдерісі автоматтандырылып жатыр
Сот орындаушылары қызметінің 80%-ы ақпараттық жүйеде көрініс табады. Қазір атқарушылық іс жүргізу үдерісі автоматтандырылып жатыр. Бұл азаматтардың құқықтарын қорғау және қаржылық жүктемені азайту құралының бірі болмақ, - дейді, Әділет вице-министрі. Бүгін Даниель Ваисов журналистерге арналған брифингте мемлекеттік органдар мен банктердің цифрлық жүйелерін ұштастыру туралы баяндады. Нәтижесінде қажет мәліметтерді алу және мәжбүрлеп орындаудың уақытын қысқартуға мүмкіндік бергенін атап өтті.
Даниель Ваисов, ҚР Әділет министрінің орынбасары:
– Азаматтарға қолайлы болу үшін атқарушылық іс жүргізу процесінің ашықтығын арттыру керек. Арнайы сервистер соған ықпал етеді. Мысалы, берешекті онлайн төлеу, СМС хабарлама, жүйедегі тараптар кабинеті, борышкерлер тізімі сияқты тетіктер іске қосылды. Осылайша, қандай да бір шектеулер автоматты түрде жойылып, қарызды онлайн тәртіпте төлеуге мүмкіндік берді.

