Қазақстанда деректерді өңдеу орталықтарының алқабы құрылады
Алматыда
GITEX Central Asia форумы басталды. Оған
60 тан астам мемлекеттен 300 ден аса стартап, 600 компаниядан 4 жарым
мыңнан астам делегат келген. Олар
финтех, киберқауіпсіздік, телекоммуникация және венчурлік даму жобаларын
ортаға салды. Шараның алғаш рет бізде өтіп жатқаны бекер емес. Себебі,
Қазақстан ІТ саласы қарқынды дамып келе жатқан елдер қатарына кіреді.
Алматының IT-хаб ретіндегі әлеуеті әлді. Мұны өңір әлдеқашан дәлелдеген. Себебі, мұнда технологиялық компаниялар, халықаралық орталықтар көп шоғырланған. Әрі белсенді стартап-экожүйе де құрылған. GITEX қалаға жаңа серіктестер мен инвесторларды тартуға мүмкіндік береді.
Олаф Грот, Cambrian Futures компаниясының бас директоры:
- Қазақстан жасанды интеллект дәуіріне нық сеніммен қадам басуға дайын. Бүған көптеген дәлел бар. Мысалы, жасанды интеллект туралы алғашқы заң, ЖИ саласындағы алғашқы «юникорн» – Alem.cloud, жергілікті міндеттерге арналған екі базалық модельдің әзірленуі.
Бүгінде Дүниежүзілік банк цифрлық экономиканың әлемдік ЖІӨ-дегі үлесі 15 пайыздан асты деген қорытынды шығарып отыр. Бұл жаһандық бәсекенің тауар нарығынан дерекқор мен стандарттар нарығына қарай ойысқанын көрсетеді. Ал, Цифрлық теңгені кеңінен қолдану әлемнің алпауыт ойыншыдарымен теңесуге септеседі.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Қазақстан
да бұл бағытта оң нәтижеге қол жеткізді: еліміздегі қолма-қол ақшасыз
төлемдердің үлесі 80 пайыздан асты. Осы жиынға қатысып отырған отандық фин-тех
компаниялар кәсіби деңгейлері жоғары екенін көрсетті. Цифрлық теңгені кеңінен
қолдану шын мәнінде «ойын ережесін» өзгертеді. Өйткені бюджеттің ашықтығын
қамтамасыз етіп, транзакция үшін алынатын комиссиялық төлемдердің шығынын
қысқартады. Бұл Қазақстанның дүние жүзінен көбірек капитал тартып, жетекші
инвестициялық және қаржылық орталыққа айналуына көмектесуге тиіс.

