Қазақстан БҰҰ-мен бірге халықаралық су ұйымын құрады

Қазақстан БҰҰ-мен бірге халықаралық су ұйымын құрады

Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымымен бірлесіп халықаралық су ұйымын құрады. Министр Нұржан Нұржігітов осы ұйымның Қазақстандағы тұрақты үйлестірушісі Саранго Раднарагчамен кездесті. Халықаралық су ұйымын құрумен қатар оның проблемаларын зерттейтін орталық ашуды ұсынған. Енді алдағы уақытта осыған қатысты ортақ жобалар мен іс-шаралар іске асырылмақ. Осылайша,  Біріккен Ұлттар Ұйымымен әріптестікті одан әрі нығайту көзделіп отыр.

Нұржан Нұржігітов, ҚР Су ресурстары және ирригация министрі:

-  Қазіргі уақытта Қазақстан бірқатар халықаралық бастамаларды алға тартып отыр. Соның бірі - Шанхай ынтымақтастық ұйымы аясында су мәселелерін зерттейтін орталық құру. Бұл орталық инженерлік шешімдерді әзірлеу, технология алмасу және кадр даярлау бағытында нақты жұмыс тетігі  ретінде қызмет етеді.