«Самұрық-Қазына» қоры 300 млн доллар қаржы тартуды жоспарлауда

«Самұрық-Қазына» қоры 300 млн доллар қаржы тартуды жоспарлауда

«Самұрық-Қазына» қоры Air Astana компаниясын IPO-ға шығару аясында 300 млн доллар қаржы тартуды жоспарлауда. Оның ішіндегі 120 млнды компания тартпақ. Бірінші кезекте, тартылған қаражатты әуе паркін жаңартып, кеңейтуге, Әуе қозғалтқыштарына қосалқы бөлшектер алуға және Алматы мен Астана қалаларында әуе кемелерін жөндеу мен қызмет көрсету желісін арттыруға бағыттау жоспарлануда. Естеріңізге сала кетсек, жуырда құнды қағаздардың алғаш сатылымға шыққандағы шамамен баға диапазоны белгілі болған еді. Ол жаҺандық депозитарлық қолхат үшін 8 бен 11 доллар аралығында болса, бір акция үшін 2,13 пен 2,75 доллар аралығында болады деп күтілуде. Акциялардың нақты әрі соңғы құны барлық өтініштерді бір тізімге жинақтағаннан кейін белгілі болады.

Нұрлан Жақыпов, «Самұрық-Қазына» қорының Басқарма төрағасы:

– «Самұрық-Қазынаның» еншілес компанияларының қор биржасына шығуы – жұмыстың ашықтығын қамтамасыз етіп, басқару тетіктерін тиімді етеді. Мәселен, «Қазатомпром» компаниясын толыққанды ашық компания деп айта аламыз. Өйткені, оның акцияларының 25% Лондон биржасында саудаланады. Ал, AIX пен КАСЕ-ге – «Қазмұнайгаз», «Кегок» және «Air Astana» кезекте тұр. 9 ақпан күні барлық үш алаңда сауданы бастап кетеміз деген үміттемін. Одан кейін жоспар бойынша IPO арқылы жекешелендіруге Қазақстан Темір Жолы мен Қазақгаз компаниялары әзір. Осыған дейін айтқанымдай, алдымен -өзіміздің тарифтік саясатымызды реттейміз.  Тек содан кейін, аталған компанияларды IPO-ға шығарамыз. Жоспар бойынша, 2025 жылы жоба толыққанды жұмыс істеуі керек.