Түркістаннан Өзбекстанның үш қаласына әуе рейсі ашылады
Ұлы Жібек жолы әуе кеңістігінде де жалғасын тапты. 1 желтоқсаннан бастап Түркістаннан Бұқара, Үргеніш және Самарқанға тұрақты рейстер ашылады. Билеттер 40 мың теңгеден басталады. Тұрақты жолаушы ағынын қалыптастыру үшін бастапқы кезеңде субсидия беріледі. Оған қоса, Қазақстан мен Өзбекстан Жібек жолының 7 қаласын қамтитын бірыңғай туристік маршрут тұжырымдамасын әзірлеп жатыр. Келер жылы Қазақстан мен Өзбекстанның туристік әлеуетін бірлесіп ілгерілету жоспарлануда.

