Сәт Тоқпақбаев Президент жарлығымен марапатталды

Сәт Тоқпақбаев Президент жарлығымен марапатталды

Бүгін Ақордада көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, генерал-полковник, ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс салаларының ардагері Сәт Тоқпақбаевты марапаттау рәсімі өтті. Президент оған Халық қаһарманы атағын беріп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордендерін қайраткердің кеудесіне тақты.