Қонаев пен Цзянсу арасындағы келісім
Алматы облысы Қытайдың ірі өндірістік хабымен әріптестік орнатты. Өңірге Цзянсу провинциясының бірінші хатшысы Синь Чансин арнайы жұмыс сапарымен келді. Қос аймақ басшылары қол қойған құжатқа сәйкес, тауар айналымы екі есеге ұлғаяды. Бұған дейін өңірдің Қытаймен тауар айналымы 1,3 млрд долларға жуықтаған.

