Көлік вице-министрі пара алды деген күдікпен ұсталды
Еліміздің
Көлік вице-министрі пара алды деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы Ұлттық
қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады. Күдікті сот санкциясымен қамауға
алынды. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі
вице-министрді ұстау сәтінен түсірілген кадрларды жариялады. Видеода құқық
қорғау органдарының қызметкерлері шенеунікті көшеде тоқтатып жатқаны көрінеді. Кейін тергеушілер оның үйіне тінту жүргізген. Тергеу әрекеттері барысында көп
көлемде қолма-қол ақша тәркіленді.

