«Қайырымдылық ұйымы» қаржы пирамидасы болып шықты

«Қайырымдылық ұйымы» қаржы пирамидасы болып шықты

¤

Қайырымдылық ұйымы емес, қаржы пирамидасы болып шықты. Қарағандыдағы «Үміт Самғау» жобасы жалғызбасты аналарға, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға көмектесеміз деп көпшілікті алдап келген. Шын мәнінде тұрғындарға түрлі салым түрлерін ұсынып, алаяқтықпен айналсқан. «Кім көбірек ақша салса, соғұрлым көп табыс табады» деп уәде еткен. Алайда ай сайынғы төлемдерді жаңадан тартылған салымшылардың қаражатынан беріп келген. Ұйымдастырушылар өз туыстары мен таныстарын да осы іске араластырып, олардың атынан банк карталары мен шоттарын ашып, сол арқылы ақша қабылдаған. Нәтижесінде 400-ден астам адам зардап шегіп, оларға 100 миллион теңгедей шығын келді.