Зардап шеккендердің арасында қазақстандықтар жоқ
Таиландта да жер
сілкінісі болды. Мұнда магнитудасы 8 баллға дейін жеткен. Зілзала ошағы
Мьянмада анықталған. Жалпы дүмпуді Оңтүстік Шығыс Азия аймағы түгел сезген.
Қытайдың оңтүстігіндегі халық та жапа шеккендер қатарында. Бангкокта 30
қабаттық ғимарат құлап, ондаған адам үйінді астында қалды. Сейсмологтар жер
сілкінісі қайталануы мүмкін дейді. Қазақстанның Таиландтағы консулдығы
жерлестерімізді биік ғимараттардан аулақ жүріп, сақтық шараларын мейлінше
сақтауға шақырды. Қазір елде төтенше жағдай жарияланып, әуежай жұмысы уақытша
шектелген. Десе де, таңғы 10 дар шамасындағы рейске билет алған отандастырымыз
елге жетіп үлгерді. Бұл туралы еліміздің Сыртқы істер министрлігі хабарлады. Ең
бастысы, табиғи апаттан зардап шеккендер қатарында қазақстандықтар жоқ. Біз
ахуалды білу үшін сол жақтағы отандастырымызға хабарластық.

