Қаржылық алаяқтық пен лудомания дертімен күрес
Елімізде алаяқтардың арбауына түсіп, қаржысынан қағылғандар азаймай отыр. Мәселен, өткен жылы қазақстандықтар 11 млрд 400 млн теңгесін онлайн алаяқтардың қолына ұстата салған. Ең қиыны, жеңіл табыстың жолына түскендер жыл сайын көбейіп барады. Енді не істемек керек?! Қоғам дертіне айналған осы және өзге де өзекті мәселелер Қызылордада өткен республикалық форумда талқыланды.

