Транскаспий дәлізін арттыруда бірлескен жоспар құрылады

Транскаспий дәлізін арттыруда бірлескен жоспар құрылады

Екі ел Президенттері экономикалық басты бағыттың бірі - көлік-логистиканы дамыту бойынша да бірлескен жоспар құруға уағдаласты. Мәселен, Транскаспий көлік бағытын артыру өте маңыздың жоба. Ұлы жібек жолының мұрагері саналатын Орталық дәлізден Қазақстан аумағымен биыл 2,8 млн тонна жүк тасымалданған. Былтырғы жылдан 35 пайыз артық. Қасым-Жомарт Тоқаев мұнда көлік-транзит бағытында тарифтерді оңтайландыру, әкімшілік кедергілерді азайту шараларын қабылдап, шекара маңы инфрақұрылымын дамыту және өткізу бекеттерін жаңғырту жұмыстары қолға алынғанын айтты. Өйткені транскаспий халықаралық көлік бағытында Солтүстік және Оңтүстік дәлізі, сондай-ақ Ауғанстан арқылы теміржол бағытын дамыту жұмысы жалғасады. Президент өзбек тарапын Ақтау және Құрық порттары бойынша серіктестік құрып, логистикалық жобаларды жүзеге асыруға шақырды.