Қазақ туризмі жаһан назарында

Қазақ туризмі жаһан назарында

Римнен Гонконгқа дейін электромобильмен. Елімізге Ұлы Жібек жолының тарихи ізімен халықаралық «Марко Поло» автошеруі келді. Он үш электромобиль тізгіндеген шетелдік делегация 15 мың шақырымды еңсермек. Ватиканнан бастау алған бұл бірегей жобаның мақсаты - Шығыс пен Батыс арасындағы мәдени диалогты жандандырып, жасыл технологияны насихаттау. Еуразияның тоғыз жолының торабында орналасқан Қазақстан бұл жаһандық саяхаттың маңызды бекетіне айналды.