Барлық банк ортақ QR-төлемдер жүйесіне қосылады – Ұлттық банк

Барлық банк ортақ QR-төлемдер жүйесіне қосылады – Ұлттық банк

Қазақстанның барлық банкі ортақ QR-төлемдер жүйесіне қосылады. Бүгін Ұлттық банк басшысы Тимур Сүлейменов осылай деп Үкімет отырысында мәлімдеді. Ортақ жүйе 19 шілдеден бастап барлық азаматтар мен кәсіпкерлер үшін қолжетімді болмақ. Қазір 5 айдағы төлем айналымының көлемі 677 трлн теңгені құраған. Оның 90%-дан астамы Ұлттық банктің төлем жүйелері арқылы өңделіпті. Ұлттық цифрлық қаржылық инфрақұрылым құрылды. Ортақ QR-төлемдер жүйесіне 2024 жылы екі банк қосылса, 2025 жылдан бері олардың қатары 6-ға жеткен. Ұлттық банк басшысы бұдан бөлек жиында базалық мөлшерлеменің 17 пайызға дейін төмендеуінің нәтижесін де айтып берді. Әзірге азық-түлік бағасы баяу болса да біртіндеп тұрақтанып келеді. Соңғы 9 айда жылдық инфляция 10,3 пайызды құраған. Енді оны 5 пайызға дейін түсіру жоспары бар.