Шерзат Полат ісі бойынша сот үкімі шықты
Талдықорғанда 16 жастағы Шерзат Полаттың
өліміне қатысты атышулы іс бойынша сот үкімі шықты. Негізгі айыпталушы Абзал
Шынасыл 23 жылға бас бостандығынан айырылды. Равиль Сакиев 20 жылға, Азамат
Токтаубаев бұрынғы үкіммен біріктіріліп, 15 жылға сотталды. Тағы төрт күдікті
Дархан Аскентай, Шыңғыс Белғожаев, Нұрбол және Нұркияс Токтаубаевтар әрқайсысы
7 жылдан жаза алды. Бір айыпталушы Дидар Қалиахмет те дәл осындай мерзімге
сотталды. Ал 17 жастағы Думан Ысқақ аса ауыр қылмыс туралы хабарламағаны үшін 1
жыл 6 айға қамалады. Еске сала кетейік, қайғылы оқиға 2024 жылдың 4-ші
қазанында Талғар қаласында болды. Кикілжің кезінде Шерзат ауыр жарақатып алып,
қаза тапқан еді.

