Қ.Тоқаев «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне қатысты

Қ.Тоқаев «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне қатысты

Қазақстан Президенті Қазан қаласында «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне қатысты. Қасым-Жомарт Тоқаев жарыс қатысушыларына сәттілік тіледі.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Құрметті Владимир Владимирович, ең алдымен, Сізге зор ризашылық білдіргім келеді. Бұл – бірегей ойын. Дүниежүзінде мұндай ойынның баламасы жоқ. Баршаңызға сәттілік тілеймін. Келесі ойынды Қазақстанда өткізейік.

 

Сонымен қатар Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан басшылары киберспортшыларға ізгі тілектерін жолдады. Салтанатты ашылу рәсімінен кейін Қазақстан Президенті мен басқа елдердің көшбасшылары «Қазан Экспо» кешенін аралап көрді. Меймандарға Dota 2 конгресс-залы, арт-нысандар, «фиджитал-зертхана» және дене шынықтыру мен киберспортты біріктіретін инновациялық «фиджитал-қозғалыстың» ерекшеліктері таныстырылды.

Айта кетейік, ойындардың бағдарламасына классикалық спорт түрлері мен 21 цифрлық баламалары бойынша гибридті спорттық жарыстар енген. Турнирге 100-ден астам елден 2 мыңға жуық киберспортшы келген. Қазақстанның ойыншылары мен командалары спорттың 13 түрінен сынға түседі. Жалпы бұл жарыста ел намысын  48 спортшы қорғайды.