Сингапур Қазақстанның авиация саласындағы мамандарын даярлайды

Сингапур Қазақстанның авиация саласындағы мамандарын даярлайды

Сингапур Қазақстанның азаматтық авиация саласындағы мамандарын даярлайды. Сектор дамуын қалыптастыру мақсатында авиациялық дайындық саласында екі ел арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Құжат бойынша, қос мемлекет авиация саласындағы мамандарды даярлау үшін арнайы бағдарлама жасауда өзара әріптестік орнатады. Сингапур авиация академиясы жүргізетін бағдарлама еліміздің және Кәрі құрлық мемлекеттерінің азаматтық авиация мамандары үшін қолжетімді болады. Олар, авиациялық қауіпсіздік және авиациялық менеджмент салалары төңірегінде болады. Бұл Қазақстанның әуе компанияларының және әуежайларының өткізгіш қабілетін арттырып, еліміздің Орта Азиядағы көлік-логистикалық хабқа айналуына жол ашады деп күтілуде.