Елде көмір өндірісі артып келеді

Елде көмір өндірісі артып келеді

Қазақстанда жылудың әлі біраз көзі көмірге тәуелді екені белгілі. Сондықтан бұл сегменттегі өндіріс арта түспек. Өткен жылдың соңғы төрт айында 36,4 миллион тонна қатты отын шығарылса, биылғы қаңтар-сәуір айын да қазылғаны аз болмаған. Шамамен 4,3 пайызға жоғары. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев айтып отыр. 2024 жылы 110 миллион тонна көмір өндірілген. Оның 8,6 миллион тоннасы халық пен коммуналдық-тұрмыстық секторға берілсе, энергия және жылу өндіруші кәсіпорындарға 66 миллион тоннасы сатылыпты. Бұдан бөлек, 30 миллион тонна көмір сыртқы нарыққа шығарылған. Бір сөзбен айтқанда, жоспар 101 пайызға орындалған дейді Үкіметтегілер. Қазір қоймалар мен теміржол тұйықтарында шамамен 350 мың тонна көмір қоры бар.