Конституциялық сотқа 11 мыңнан астам өтініш түскен
Конституциялық сот азаматтардың
құқықтары мен бостандықтарын қорғауға кепіл болуға тиіс. Сонымен қатар, сот
органының құқықтық ұстанымдарын дәйекті түрде іске асыру маңызды. Бүгін
Президент Конституциялық сот төрағасы Эльвира Азимованы қабылдап, осындай тапсырма
берді. Конституциялық сот төрағасының берген соңғы 2,5 жыл ішінде ведомствоға
азаматтардан 11 мыңнан астам өтініш келіп түсіпті. Конституциялық сот судьялары
5 мыңнан аса құқық нормасын зерделеген. Тексеру қорытындысы бойынша 300-ден
астам шешім қабылданып, 74-сіне қаулы шығарылған. Бүгінге дейін заңдарға
өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы 41 нормативтік қаулы орындалған.
Қазір 8 заң жобасы Парламент палаталарында қаралып жатыр. Конституциялық сот
төрағасы Эльвира Азимованың айтуынша, кез келген азамат Конституциялық сот
аппараты жанындағы Өтініштерді қабылдау орталығына жүгіне алады.

