Qarmet ТМД-да көшбасшы кәсіпорындардың бірі болмақ

Qarmet ТМД-да көшбасшы кәсіпорындардың бірі болмақ

«Qarmet» компаниясы 2028 жылға қарай Орталық Азия мен ТМД-да металлургия саласы бойынша көшбасшы атануға ниетті. Мұнда болат пен темір кені концентраты өндірісінің әрқайсысын 5 млн тоннаға дейін ұлғайтып, көмір өндірісін жылына 9 млн тоннаға дейін жеткізу жоспарланған. Кәсіпорынның жоспарлары мен еңбек қауіпсіздігін арттыру жөніндегі шаралар туралы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Qarmet директорлар кеңесінің төрағасы және Allur компаниялар тобының басшысы Андрей Лаврентьев баяндады. Кездесу барысында мемлекет басшысы Теміртаудағы экологиялық жағдайды жақсарту үшін компанияның жабдықтарын газға көшірудің ерекше маңыздылығын атап өтті. Президентке Allur машинажасау кәсіпорнын дамыту жоспар хабарланды. Өткен жылы зауыт конвейерден 90 мыңнан астам автокөлік шығарып, рекордтық көрсеткішке жетті. Бұдан бөлек Шевроле көліктеріне арналған ұсақ тораптық өндіріс іске қосылады, Škoda автомобильдері сериясын шығаруға арналған жабдықтар ретке келтірілуде. Kia заманауи зауыты салынуда.