Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу

Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу

Бірінші маусымда Президенттік жастар кадр резервіне үміткерлерді іріктеу басталады. Құжаттарды қабылдау pkrezerv.gov.kz ресми платформасында онлайн режимде жүрмек. Бүгін кандидаттарға арналған түсіндірме жұмыстары өтті.

Сонымен, өтініш берушінің жасы 35-тен аспаған, жоғары білімі және 5 жыл жалпы жұмыс тәжірибесі бар болуы шарт. Іріктеу 6 негізгі сала бойынша өтеді. Кадрлық резервке үміткерлерге қойылар талап өзгерген жоқ.

Еске салсақ, бұған дейін Президенттік жастар кадр резервіне 400 адам қабылданып, оның 80 пайызы жұмысқа орналасқан. Мәселен, оның 167-сі орталық мемлекеттік органда, 37-сі жергілікті атқарушы органда, 62-сі ұлттық компанияда жүр.