Париж-2024: Турнир кестесінде тоғызыншы орын

Париж-2024: Турнир кестесінде тоғызыншы орын

Бүгін Олимпиаданың үздіктер кестесі айтарлықтай өзгерді. Қытай құрамасы суырылып алға шықты. Олардың қоржынында 5 алтын, 2 күміс, 3 қола бар. Жапондар мен Оңтүстік Корея жарыс жолының екінші үшінші сатысына жайғасқан. Қазақстан 3 медальмен тоғызыншы орында тұр. АҚШ құрамасы 12 медаль жеңіп алды. Десе де австралиялықтардың бағы басым. Ал, немістер 10-шы боп, бізді өкшелеп келеді.


Бүгін Қазақстан ұлттық құрамасы үшін сәтсіз болды. 73 келі салмақта татамиға шыққан дзюдошы Данияр Шамшаев алғашқы белдесуінде ұтылып қалды. Өзбекстандық қарсыласы Муроджон Юлдашев біздің спортшыны 3 шидомен жеңіп кетті. Айта кетейін, өзбек спортшысы соңғы шидоны белдесудің бітуіне 2 секунд қалғанда жасады.